Орман-тоғайды өрттен қорғайық

Өрт - тілсіз жау. Бұған дейін де талай орманды алқаптарды жалмаған өртті болдырмау
қоршаған ортаны қорғаушылардың қолында. Сондай жауапкершілік бүгінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына да артылып отыр. Ол жөнінде «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» РМҚМ қазақ базасының инженер инспекторы Рахым Исаев баяндады.

- Әсіресе, жаз айларында ор­ман-тоғайда, кең өлкеміздің таби­ғатында өрттің шығуы жиі кезде­седі. Қауіпті өрттің туындау себебі неде? 
- Орман-тоғайларда былтыр­ғы шөптер қурап, ауа райы ысып, өрт қауіптілігі ықтимал мерзім кел­ді. Жаз шығып, күн ыси баста­ғанда, қыстай қар астында жатқан қураған шөптер орман-тоғайға өрт қауіптілігін туғызады. Басты себептері: жеке шаруа қожалық­тары көктемгі егіндіктің орнын дай­ындап, мал жайылымын та­зар­тамыз деп, былтырдан қалған шөптерді өртейді. Ал өрт жүз­деген, мыңдаған гектарға же­тіп, орман-тоғайға өтеді. 
Осыған орай Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігі әрбір облыс әкім­деріне жіберген: «Өткен жыл­дан қалған шөпті өртемеу» деген тапсырмасын іске асыруы­мыз керек. Сондықтан шаруа қо­жалықтары ауылдық округтік әкім­діктер, орман шаруашылығы қызметкерлері дала өртіне жол бер­мей, өрт қауіптілігі ережелерін сақтап, газет, теледидар, радио ар­қылы халық арасында үгіт-на­сихат жұмыстарын жүргізіп, таби­ғат байлықтарын сақтап, қорғау жолында күресу керек.
- «Өрт қауіптілігін бақылау» маусымы аясында қандай міндеттер жүктеліп отыр?
- Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігінің Орман және аңшылық комитеті 2012 жылы орманда өрт қаупі маусымына қарсы дайын­дық жасау үшін Орман кодексінің 4-бабының 55-тармағына сәйкес, климаттық факторларды және ауа райы жағдайларының болжамын ескере отырып, 2012 жылы орман өрті қаупі бар маусымының бас­талу және аяқталу күнін белгілеп, 30.03.2012 ж. №88 бұйрығын шы­ға­рып, еліміздегі орманшыларға, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасына, облыс­тық орман және аңшылық шаруа­шылығы аумақтық инспекция­лар­ға, мемлекеттік табиғи қо­­­рық­­тарға, мемлекеттік ұлттық парктерге, мемлекеттік табиғи ре­зерваттар және орман шаруа­шылығы комитетіне ведомство­лық бағынысты ұйымдарының бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленіп, жер­гілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шаруа қожалықтарының және өзге ауыл шаруашылығы та­наптарында аңыздықты, егістік және басқа да өсімдік қалдық­та­рын өртеуіне бақылау жасалуын қамтамасыз етіп, орман өрттерінің шығу фактілері бойынша істің дер кезінде рәсімделуін және ма­териалдардың құқық қорғау ор­гандарына дер кезінде берілуін қамтамасыз етуді міндеттеді. 
Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Тө­тен­ше жағдайлар министрлігі, Өрт­ке қарсы қызмет көрсету ко­ми­тетінің «Орман өрттері шыққан жағдайларда өзара хабардар ету туралы» 2009 жылы 29 мамырдағы №12 және 2009 жылғы 5 маусым­дағы №163 бұйрықтары, сондай-ақ «ҚР-дың орман қоры аумағын­дағы ірі орман өрттері туралы же­дел хабарландыру схемасын бекіту туралы» комитеттің аумақ­тық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары «Орман­дарды авиациямен қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету» қазақ базасы бірінші бас­шыларының дербес жауап­кер­шілігі белгіленді. 
Жыл сайын әр облыстың ау­дандық, ауылдық әкімшіліктерде, осы әкімшіліктердің әкімдері, жер­гілікті орман шаруашы­лы­ғы­ның басшылары, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруа­шылығына қызмет көрсету» қазақ базасынан, төтенше жағдайлар бө­лімінен аудандық өрт сөндіру бөлімінен, аудандық ішкі істер бө­лімінің учаскелік нұсқау­шы­лары, шаруа қожалықтарының бас­­шылары қатыстырылып, ор­ман-тоғайды өрттен сақтап қалу үшін өртке қауіпті маусымға өртті болдырмаудың шараларын қарап, үлкен жиналыс ашып, шешім қабылданады. «Қазавиаор­ман­қор­ғау» базасында биылғы жыл­дың қауіптілігі бар маусымына дайындық ретінде республика бо­йынша әрбір авиабөлімшелерде өрт сөндіруші десантшылармен, ұшқыш бақылаушылармен оқу­лар, дайындықтар өткізіліп, жаңа маусымға сақадай-сай болып дай­ын­далды. 
- Ал осыған дейін орын алған өрттің шығуына қарапайым жан­дардың кесірі тиіп жүрген жоқ па? 
- Орман өртінің пайда бо­луына 90 пайыз адамдар кінәлі: орман-тоғайда өртке қарсы ере­желерді білмеуінен немесе білсе де өртке қарсы ережелерді сақта­мауынан, орман-тоғайда жұмыс істеп жүрген демалушылардан кей­ін өшірілмей қалған от алау­лары, автокөлік пен тракторлардан шыққан ұшқын, сөндірілмеген темекі қалдығы, т.б. Осының сал­дарынан қурап тұрған шөп тұ­та­нып, үлкен өртке айналады. Өрт шыққан сәтте жел соғып, дауыл тұрып, қас-қағым сәтте үлкен ал­қап жанып кетеді. Егер орман­шылар мен әуеден қорғайтын өрт сөндіруші десантшылар тез шара қолданып өшірмесе, халық ша­руа­шылығы миллиондаған теңге шығынға ұшырайды. 
Өртенген ағаштар қайта қал­пына келу үшін ондаған жылдар керек. Өрт жүріп өткен жерде қаншама жабайы аңдар, құс­тар, олардың ұялары отқа жа­нып кетеді. «Семей орманы» резерва­тында, Беген ауылында адамдар шығын болып, бүкіл бір ауыл жанып кеткен жағдай бол­ған. Ал орман өрттерін өшіруге мыңдаған адам, жүздеген тех­ника, тік­ұшақтар қатысты­ры­лады. Осы­ның бәрі орман шаруа­шылығына, халық үшін өте көп шығын. 
Ал орман-тоғайдың адам өмі­ріне берер пайдасы өте көп: оттегі, денсаулық, ауа райын жұмсартады, халықтың демалатын орны, тау­дағы, орман-тоғайдағы қыста жау­ған қар мен мәңгілік мұз­дар­дың тез еріп кетуіне кедергі жа­­сап, көктемнен күзге дейін тау­дың басындағы бұлақ көздерін сумен толтырып, олар өзен ар­наларына құйылып, ауыл шаруа­шылығын, егін суаратын сумен қамтамасыз етеді. Орман-тоғай­лардың көп өртенуінің салда­ры­нан өзендердің сулары азайып, көлдердің деңгейі төмендеп, тар­тылып жатыр. Мұндай жағ­дайлар бүкіл жер жүзінде бо­лып жатқан құбылыстар. 
- Өрттің құрбаны болмас үшін қандай алдын алу шараларын жүр­гізу керек?
- Мысалы, Парижде Сена өзе­нінің жағасында үлкен қала­лық жағажай бар. Сол жерге мил­лиондаған қала халқы жиналып, Бастилияны алған күнді атап өте­ді. Сол мейрам өткен үлкен ау­мақта демалушылардан кейін еш­қандай тойдың ізін қалдырмай барлық қоқысты жұрт өзімен жи­нап алып кетеді. Мұны халық өз­дерінің парызы ретінде санайды. 
Неге бізге де орман-тоғайға, тауларға демалуға барған халыққа солай жасап, тәртіп орнатпасқа? Орман өрттерін өшіруден сақтан­дыру жеңіл. 
Көбіне саяхатшыларымыз жақ­сы, табиғаты сұ­лу жерлерге барып демалады. Сон­дықтан әр­қайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген те­ме­кі қалдығын, жағылған сірің­кені тастамай, от алауын өшіріп, отырған орын­дарын тазалап кету­лері керек.

 

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх